
Сөзден іске
- «
- »
Бұқара мен билікті тікелей эфирде жүздестіретін «Сөзден іске» саяси-қоғамдық ток-шоуы. Осы хабар арқылы жергілікті атқарушы органдар қоғамдағы өзекті мәселелерге дер кезінде назар аударып, оны шешу жолдарын айтуы тиіс. Сонда ғана халықтың билікке деген сенімі артады, азаматтық қоғам құрылатыны анық. Ел президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы орындалуы үшін билік пен бұқараның арасындағы байланыс шынайы әрі ашық болуы керек. Осыны көздеген жобада облыс әкімінің орынбасарлары, қала, аудан әкімдері мен басқарма басшылары тұрғындар және белсенді азаматтар ашық пікірталасқа түседі. Тікелей эфир әр аптаның сәрсенбісі сағат 19-30 да өтеді.
Мерзімі: Аптасына 1 рет
Ұзақтығы: 1 сағат
Эфир уақыты: 19:30
Жанры: саяси-қоғамдық ток-шоуы
Редактор-жүргізушісі: Д. Асқарұлы