Жамбыл облысында 50 955 жасөспірім пфайзер вакцинасын алып үлгерді. Осылайша біздің аймақ оқушыларға екпе салу жөнінен республикада үздік үштікке кірді. Бұрнағыға қарағанда санитарлық талаптарды сақтамайтын кәсіпкерлік нысандары да едәуір азайыпты. Алайда індет жұқтырғандар саны кемімей тұр. Соңғы аптада індеттің ілмегіне ілінгендер көрсеткіші 54 пайызға өсіп отыр.
Ссондай ақ, дәрі дәрмек бағасы бақылауда болуы да міндет. Облыс әкімі бүгін аппарат мәжілісінде бұл бағытта берілген тапсырмалардың орындалу барысын сұрап, жауаптыларға жұмысты жалғастыруды міндеттеді.