Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиында былтырғы қызмет қорытындылары туралы құзырлы ведомства басшылары мен кейбір облыстың әкімдері есеп берді. Сондай-ақ, 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары қарастырылды.