Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов алғашқы еңбек демалысына жұмысқа кіргеннен соң тек тоғыз жылдан кейін шыққан. Осылай тынымсыз тірлік етсең ғана ұшпаққа шығасың, көтерілесің! Дәрежең артып, еңбегің еленеді, дейді аймақ басшысы. Уақытпен санаспау керек. Мемлекеттік қызметшілермен кездескен аймақ басшысы оларға осындай мотивация берді. Табысқа жетудің жолдарын айтып, өмір тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, 23 маусым - мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтап, өз қызметін мінсіз атқарған азаматтарды марапаттады.