Биыл Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл толады. Яғни, бүгін өз міндетін қоғамдық тәртіпті сақтауға және қылмыспен күресуге арнаған полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.
Айтулы мерекеге арнайы келген аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов, Ішкі істер органдарының, қылмыстық-атқару жүйесінің барлық ардагерлерін, қызметкерлерін және Ұлттық ұланның әскери қызметшілерін, ведомстволық оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттарын кәсіби мереке – Қазақстан полициясы күнімен құттықтады.