ШҰҒЫЛ! АВТОКӨЛІКТІ ОНЛАЙН РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯҒА 50 ЖЫЛ

20:30, 5 қазан 2018

Жамбыл облыстық филармониясына 50 жыл. Әулиеатаны ән мен жырға бөлеген өнер саңлақтарынан құралған ұжымның мерекесі  кең көлемде аталып өтті. Жиынды  Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйымдастырды.

Жарты ғасырлық тарихы бар Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармония мерейтойын тойлауда. Осы айтулы күнге орай салтанатты кеш ұйымдастырылды. Филармонияда ұзақ жылдар еңбек етіп, оның дамуына сүбелі үлес қосқан өнерпаздардың атын атап, сый-құрмет көрсетілді.

Ерқанат Манжуов – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

Баласағұн орталық концерт залында баспасөз конференциясы өтіп, «Ән қанатындағы Әулиета» кітабы мен «Әуені әсем әулиеата» атты CD жинақтың тұсауы кесілді.Жиында құрметті қонақтарға сөз беріліп, олар филармонияның өткені мен бүгіні туралы өз ойларын ортаға салды.

Бақытжан Кененұлы - ҚР Журналистер және жазушылар одағының мүшесі

Салтанатты рәсімде филармонияның 50 қызметкері мен әртістер құрамы  «Жамбыл облысы әкімінің құрмет грамотасымен», «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Одан соң, «Әуені әсем әулиета» атты мерекелік гала концерт өткізіліп, кеш Кенен Әзірбаевтың «Құлақ» күйімен ашылды. «Жарты ғасыр- жалынды сәт» деректі фильмі көрермендер назарына ұсынылды.   

Разия Мадыханова – ҚР мәдениет қайраткері

Екі сағатқа созылған мерекелік концерт соңында облыс әкімінің өнер ұжымына деген Ықылас гүлі тапсырылды.Арнайы қонақтарға СД топтамалар мен кітап басылымдары, Кенен Әзірбаевтың бейнесі тоқылған кілемше сыйға тарту етілді.

А.Әжіхан, А.Әділ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар