Конституциялық референдум – Қазақстан дамуындағы маңызды белес.
Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай белсенді қатысу – әрбір азаматтың басты борышы. Себебі бұл – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт. Республика бойынша өткізілетін референдум төңірегіндегі маңызды сұрақтарға жан-жақты жауап беру үшін, қоғамдық ой-пікірді талқылап-таразылау мақсатында ҚР парламенті сенатының депутаты Бекболат Орынбеков халықаралық Тараз иновациялық институты ұжымымен кездесіп, ел дамуындағы жаңа бағыттарды атады. Оқу ордасының қызметкерлерін референдумға белсенді қатысуға шақырды.