Мемлекеттік қызметтегі білікті мамандар-спорттық ойындардан сайысқа түсті. Бірі шахматтан алға шықса, бірі қол күрес бойынша өз әріптестерімен күш сынасып, басым түсті.
Бұл жолғы додаға старатегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті мамандары қатысты. Мақсат бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтына бет бұру.